АҚШ-тың қаржы нарығы құлдырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың қаржы нарығы құлдырады

04.09.2020

АҚШ-тың қор нарығы құлдырап кетті. Коронавирус індеті салдарынан бүгін алып компаниялардың индекстері құнын жоғалтты. Мәселен, Dow Jones индексі -2,78 пайызға, S&P- 3,51, ал Nasdaq 4,96 процентке құлдырады. Дүмпу бәрінен бұрын Apple-га ауыр тиді. Компания индекстері бірден 8 пайызға төмендеген. Қаржылай есептегенде бұл шамамен 180 миллиард доллар. Microsoft, Google, Amazon сияқты белгілі IT-компаниялардың нарықтағы құны шамамен 5 пайызға түсті. Ал Facebook -3,76 е Tesla – 9 пайызға дейін арзандады. Айта өтейік, бұған дейінгі антирекорд наурыз айында тіркелген. Ол кезде Apple мен Microsoft компаниялары 150 миллиард доллар жоғалтқан. 

Ләйлә Дулатқызы

Хабарламаларға жазылу