Шанхайда сұрапыл дауылдан 130 мың адам көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шанхайда сұрапыл дауылдан 130 мың адам көшірілді

03.08.2018

Қытай жағалауына таңертең «Джонгдари» дауылы соққы берді. Шанхайда тайфунға орай 130 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Табиғи апаттан келген шығын туралы мәлімет жоқ. Дегенмен, Шанхайдың екі әуежайында 151 ұшақ рейсі доғарылып, қаладағы 122 саябақ келушілер үшін жабылды. Ауа райын бақылаушылардың болжамынша, дауыл күші Янцзы өзеніне ойыса бастаған кезде бәсеңдеуі мүмкін. «Джонгдари» биыл соққы берген 12-ші тайфун болып отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу