Түркияда дүлей дауыл соғып, 4 адам көз жұмды
Кеше Түркияның батысында орналасқан бірнеше қалада сұрапыл дауыл соғып, салдарынан 4 адам көз жұмды. Тағы 38 адам түрлі жарақат алған.
Синоптиктер Лодос деген атау берген дүлей дауылдан ғимараттардың шатырлары ұшып, ағаштар тамырымен қопарылды. Сағатына 130 шақырым жылдамдықпен соққан желдің кесірінен Ыстамбұл, Измир, Қожаелі сияқты қалаларда әуе және кеме қатынасы тоқтатылды. Бірнеше қалааралық жолда жүк көліктері аударылып, кептеліс туындаған. Ал елдің оңтүстігіндегі Анталия провинциясында жойқын желдің кесірінен бірнеше елдімекенде сел жүрді. Мамандар дауыл бүгін кешке дейін басылады деген болжам жасап отыр.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Нұр шашу» атты халықаралық көрме ашылды
13.04.2026, 20:45
Бозжыра шатқалында визит орталық құрылысы аяқталды
13.04.2026, 20:42
«Aq Niet» ерікті дәрігерлер тобы жұртты тегін емдеп жүр
13.04.2026, 20:35
Қостанай облысында 31 адамды кене шаққан
13.04.2026, 20:34
Covid-19: Жаңа штамм анықталған жоқ
13.04.2026, 20:33
Биыл 400 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
13.04.2026, 20:30
Алаяқтықтың дені интернет арқылы жасалады
13.04.2026, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
13.04.2026, 20:16