Хельсинкиде Дональд Трам пен Владимир Путин саммиті басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хельсинкиде Дональд Трам пен Владимир Путин саммиті басталды

16.07.2018

Осыдан бірер сағат бұрын Хельсинкиде Дональд Трам пен Владимир Путин саммиті басталды. Кездесуде АҚШ президенті әлем өзін Кремль басшысымен бірге көргісі келетінін атап өтті. Сонымен қатар, Трамп екі мемлекеттің алдында үлкен мүмкіндіктер тұрғанын және Вашингтон мен Мәскеудің ерекше қатынас орната алатынын мәлімдеді. Ақ үй басшысының айтуынша, ол Путинмен сауда-саттық, әскер жайын және ядролық қару санын қысқарту мен Қытай мәселесін талқылайды.

Ресей президенті Хельсинкиге дер кезінде жетпеді. Сондықтан, бұл саммит 45 минутқа кешігіп басталған. 

Мәскеу мен Вашингтон әлемдік аренада көптен бері тайталасып келеді. Ал, осы келіссөздер қарсаңында 12 ресейлік азамат Құрама Штаттарда 2016 жылы өткен президенттік сайлауға араласты деп айыпталды. Алайда, Трамптың ойынша, екі державаның қатынастары ешқашан мұнша жаман болған жоқ. Сондай-ақ, ол АҚШ пен Ресей байланыстарының нашарлап кетуіне кейбір америкалық саясаткерлерді кінәлады.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу