Германия соты 43 жастағы неонацист Беата Чепені өмір-бақи түрме жазасына кесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия соты 43 жастағы неонацист Беата Чепені өмір-бақи түрме жазасына кесті

11.07.2018

Өйткені, ол сыбайластарымен бірге нәсілдік жеккөрушілікпен 10 адамды өлтірген. Құрбандардың көбі – түріктер. Сонымен қатар, бұл қылмыстық топ бір гректің және бір неміс полицей әйелдің жанын қиған.

Онымен бір ұйымда болған екі неонацист 2011 жылы өздеріне қол жұмсады.  Чепенің тағы екі сыбайласы 2 жарым жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылды. Олар иммигранттарды 2000-2007 жылдар аралығында өлтірген. Ал, бұл істі тергеу бес жылға созылды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу