Әзірбайжанда шеру кезінде екі полиция қызметкері қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжанда шеру кезінде екі полиция қызметкері қаза тапты

11.07.2018

Оқиға елдің Гянджа қаласында болған. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сай, тәртіпсіздіктер әкімшілік ғимараты алдында бір топ адам жиналғаннан кейін басталды. Олар Гянджаның атқарушы билігінің басшысы Эльмар Велиевке қастандық жасады деген күдікпен ұсталған ер адамды жақтап шеруге шыққан.

Заңсыз наразылық акциясын таратпақ болған екі полиция қызметкері Ильгар Балакишиев пен Сәмед Аббасов денені жарақаттайтын өткір заттардың соққысынан қаза тапқан. Шеру соңында 40 адам ұсталып, жарты сағатта қалада тәртіп қайта орнады. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу