Калифорния штатындағы өрт фермаларға қауіп төндіріп тұр

25.06.2018

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті дес бермей жатыр. Тілсіз жау елді мекендер мен ондағы фермаға қауіп төндіріп тұр. Әсіресе, Сакраменто қаласына жақын Көктем жазығында от қаулап барады. Оны сөндіруге 250-ден астам маман тартылды.

Аптап ыстық пен күшті жел өрттің тез тарауына себепші. Жергілікті билік 2500 адамды қауіпсіз жерге көшіруге бұйрық берді. Себебі, 600-дей ғимаратты от шарпуы мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу