Түркиядағы сайлауда Ердоған алға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядағы сайлауда Ердоған алға шықты

25.06.2018

Түркияда президенттік және парламенттік сайлау өтті. Ресми мәліметтерге сай, елдің қазіргі президенті Реджеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 53 пайыз дауысын жинаған. Ал, оның басты қарсыласы Мухаррем Инджені дауыс берушілердің 31 пайызы қолдады. Бұған қоса, Ердоғанның «Әділет және даму партиясы» парламенттегі көпшілік орындарды иеленген.

Айта кетсек, Түркиядағы сайлауға дауыс беруге құқылы азаматтардың 87 пайызы қатысқан. Бұл сайлау нәтижесінде жаңа конституциялық өзгерістерге сай, президенттің өкілеттігі кеңи түспек. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу