ОПЕК мұнай өндірісін арттыру мәселесін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОПЕК мұнай өндірісін арттыру мәселесін талқылады

22.06.2018

ОПЕК пен осы ұйымға кірмейтін елдер мұнайды тәулігіне 1 миллион баррельге артық өндіру мәселесін талқылайды. Мұны бүгін Сауд Арабиясының мұнай министрі Халид әл-Фалих мәлімдеді.

ОПЕК мемлекеттерінің өндірісті арттыру проблемасын қарастыратын конференциясы Венада бүгін ашылады.

Егер онда энергетикалық шикізатты көбірек шығару туралы мәміле жасалатын болса, мұнай бағасын 50 пайызға жуық көтерген 2016 жылғы келісімнің күші жойылуы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу