Корей соғысында жоғалғандардың сүйегі АҚШ-қа жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Корей соғысында жоғалғандардың сүйегі АҚШ-қа жеткізілді

21.06.2018

Корей соғысында жоғалып кеткен 200-дей америкалықтың сүйегі Солтүстік Кореядан АҚШ-қа жеткізілді. Мұны президент Дональд Трамп мәлімдесе де, Пентагон ресми түрде әлі растаған жоқ.

Корей соғысы 1950-1953 жылдар аралығында болды. Сол майданда Құрама Штаттардың 36500 жауынгері мен офицері қаза тауып, 7700-і жоғалып кеткен.

Трамп пен Ким Чен Ын маусымның 12-де Сингапурде кездесті. АҚШ президентінің сөзінше, сол саммитте Ким америкалық сарбаздардың сүйегін еліне қайтаруға келіскен.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу