65 жыл бұрын Корей соғысында қаза тапқан АҚШ сарбаздарының сүйегі қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

65 жыл бұрын Корей соғысында қаза тапқан АҚШ сарбаздарының сүйегі қайтарылды

27.07.2018

Солтүстік Корея осыдан 65 жыл бұрын Корей соғысында қаза тапқан америкалық жауынгерлердің сүйегін еліне қайтарды.  55 сарбаздың мүрдесі ең алдымен Оңтүстік Кореядағы америкалық базаға жіберілді.

Айта кетсек, биыл маусымның 12-де президент Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Сингапурда кездескені белгілі. Сол саммиттің нәтижесінде екі басшы соғыста құрбан болған америкалықтардың мәйітін еліне қайтаруға келіскен-ді. Сонымен қатар, олар Корей түбегін ядролық қарудан толық тазартуға да уағдаласты.

Бақылаушылардың ойынша, Америкаға жауынгерлер сүйегінің қайтарылуы Вашингтон мен Пхеньянның бір-біріне деген ізгі ниетін де білдірсе керек.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу