Қазақстандық тағы бір сарбаздың сүйегі туған жеріне жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық тағы бір сарбаздың сүйегі туған жеріне жеткізілді

16.05.2017

Жат жерге жерленген қазақстандық тағы бір сарбаздың сүйегі туған жеріне жеткізілді. Павлодар облысы, Қашыр аудан орталығының тұрғындары, 72 жылдан кейін табылған майдангерге батырға лайық құрмет көрсетіп, жер қойнына тапсырды. Петр Мельниковтың сүйегі салынған контейнер Ресейдің Калуга облысы, Людвиновск ауданы, Катовичи ауылындағы бауырластар зиратынан жеткізілді. Соғыс жылдарында жауынгердің туыстарына оның  жау оғынан жер жастанғаны жайлы «қара қағаз» келген. Бірақ қай жерде жерленгені айтылмапты. Ресейдің «Память» іздеу жасағы, марқұмның аты-жөні жазылған медальонды тауып, Қазақстанға хабар берген.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу