Иммигранттар балаларынан ажыратылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иммигранттар балаларынан ажыратылмайды

21.06.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп иммигранттарды балаларынан айыру туралы заңнан бас тартты. Ақ үй басшысы мұндай шешімді америкалықтардың ғана емес, бүкіл әлемнің қатаң сынына ұшырағаннан кейін қабылдап отыр.

Оның жаңа бұйрығы бойынша, енді ел аумағына заңсыз өткен мигранттардың балалары ата-аналарымен бірге қамалады.

Құрама Штаттар полициясының мәліметінше, мамырдың 5-і мен маусымның 9-і аралығында Мексика-АҚШ шекарасында 2342 бала ересектерден ажыратылған. Осы ереже үшін Трампқа Рим Папасы Франциск те наразылық білдірді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу