Швецияның Мальмё қаласындағы атыс кезінде 5 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швецияның Мальмё қаласындағы атыс кезінде 5 адам жараланды

19.06.2018

Швецияның Мальмё қаласында төтенше оқиға. Дүйсенбінің кешінде қала көшелерінің бірінде атыс болып, 5 адам жараланған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиғаның терроризмге қатысы жоқ.

Куәгерлердің сөзінше, қаруланған ер адам швед құрамасының футболдан Әлем чемпионатында жеңісін тойлап жатқан адамдарға оқ жаудырған. Шабуылшы оқиға орнынан ізін суытып үлгерді. Полиция Мальме тұрғындарына бұған қатысты алаңдауға негіз жоқ деп мәлімдеді. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу