АҚШ-тың Флорида штатында аттракционда 6 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Флорида штатында аттракционда 6 адам жараланды

15.06.2018

АҚШ-тың Флорида штатында оқыс оқиға болды. Дейтон-Бич қаласындағы ойын-сауық саябағында «америкалық төбешіктің» вагоншалары рельстен тайып кетіп, 6 адам жараланған. Олардың екеуі 10 метр биіктіктен құлады. Жапа шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан барлығы 10 адам көшірілді.

Соңғы мәліметке қарағанда, аттракцион жабылып, оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу