Журналист Аркадий Бабченко тірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналист Аркадий Бабченко тірі

31.05.2018

Журналист Аркадий Бабченко тірі. Оның өлтірілгені жайлы таяуда Украинаның ұлттық полициясы жариялаған болатын. Елдің қауіпсіздік қызметі мәлімдегендей, мұның барлығы арнайы операцияның бір бөлігі болған. Ал, тілшінің өзі сәрсенбі күні кешке ұйымдастырылған баспасөз мәслихатына қатысты.

2017 жылы Ресейден кеткен, ресейлік журналист Аркадий Бабченконың өміріне қастандық жасауды ресейлік арнайы қызметтер тапсырған. Бұл туралы Украинаның қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Грицак мәлімдеді.

Қастандық жасауды ұйымдастырған адам ұсталды, ал, оның тапсырысын орындаушы енді қылмыстық істе куәгер болады.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу