Газа секторынан Израиль қалаларына 25 зымыран жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газа секторынан Израиль қалаларына 25 зымыран жіберілді

29.05.2018

Алайда, олардың көбін еврей мемлекетінің «Темір күмбез» деген ракетаға қарсы жүйесі атып түсірген. Бүгінде шекарадағы жағдай шиеленісіп тұр. Айта кету керек, Газа - «Хамас» тобының бақылауында. Бұл ұйымның бір мүшесін Израиль жауынгерлері дүйсенбі күні мерт қылды. Тағы екеуі тұтқындалды. Олар кеше Израиль аумағына өтпек болған. Қазір екі жақ зорлық-зомбылықты бірінші бастады деп бір-бірін айыптап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу