Израиль Газа секторы мен Сирияға шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль Газа секторы мен Сирияға шабуыл жасады

24.02.2020
Израиль Газа секторы мен Сирияға шабуыл жасады

Израиль ұшақтары Газаның әртүрлі бөліктеріне және «Палестинаның ислам жиһады» қозғалысының Сириядағы нысандарына әуе соққыларын жасады. Шабуылдан 4 адам жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Палестина шекарасындағы шиеленіс жексенбі күні болды. Шекара қоршауына жарылғыш зат қоюға тырысқандар ұсталды.

Израиль армиясының хабарлауынша, Газа секторынан 21 зымыран атқыланған, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі олардың 13-інің көзін жойған. Ал Израиль күштерінің жауап беру соққысынан 4 адам жараланған. 

trthaber.com, Фото:  Ariel Schalit

Хабарламаларға жазылу