Чилидің оңтүстігін тасқын су жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилидің оңтүстігін тасқын су жайлады

04.06.2014
Чилидің  оңтүстігін тасқын су жайлады
Чилидің оңтүстігін тасқын су басты. Өңірде толассыз жауған жауыннан кейін өзендер арнасынан тасып жатыр.
 
Көшелер көлшікке айналған. Табиғи апаттың кесірінен 50 мыңдай адам электр жарығы мен ауызсуға тапшы. Бірнеше ауданға апаратын жолды су басып, тұрғындардың сыртпен байланысы үзілген.
 
Құтқарушылар апатты аймақ халқын қауіпсіз орынға қайықтармен көшіріп жатыр. Мектептер мен басқа да мекемелер уақытша жабылды. Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашынды ауа райы бірнеше күнге созылуы мүмкін. 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу