Қытай президенті елінің Карл Маркстің саяси теориясын қабылдағанына өкінбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай президенті елінің Карл Маркстің саяси теориясын қабылдағанына өкінбейді

04.05.2018

«Тарих пен халықтың марксизмді таңдауы өте дұрыс», - дейді Си Цзиньпин мырза. Мұндай мәлімдемені ол неміс философының 200 жылдығы қарсаңында жасап отыр.

Мұның алдында Қытай мемлекеттік телеарналары бір апта бойы «Маркстікі жөн» атты үгіт-насихат науқанын жүргізді. Онда жастар марксизмнің қазіргі Қытайға және болашақ ұрпаққа сәйкес келетін идеология екенін айтқан.

Қытай өзін социалистік мемлекет деп есептейді. Алайда, мұнда капиталистік қоғамға тән тұтынушылық мәдениет пен қалалық элита және ауылдық кедейлер арасындағы үлкен алшақтықты айқын көруге болады. Сондықтан, кейбір сарапшылар Қытай үкіметін марксизмнен  шын мәнінде шабыттандырмайды деген пікірде.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу