Сарапшы: Президент өкілеттігін шектеу - Қазақстанның демократиялық бағытты берік ұстанғанының дәлелі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Президент өкілеттігін шектеу - Қазақстанның демократиялық бағытты берік ұстанғанының дәлелі

21.09.2022

Президент өкілеттігін қайта сайланусыз, 7 жылдық мерзіммен шектеу - Қазақстанның демократиялық бағытты берік ұстанғанының дәлелі. Еуропалық Халықаралық қатынастар институтының президенті осылай дейді. Сарапшы 2011 жылы кезектен тыс өткен Президент сайлауында байқаушы болған. Биыл да саяси науқанды бақылаудан үмітті. Айтуынша, саяси өзгеріс – суперпрезиденттік биліктен арылып, жаңа инклюзивті азаматтық қоғам құруға зор мүмкіндік.

Ирнерио Семинаторе, Еуропалық халықаралық қатынастар институтының президенті:

Әлемде геосаяси ахуал ушығып барады. Экономика әлсіреді, жаппай қымбатшылық. Осындай қиыншылыққа төтеп беру үшін сенімді мандатты 7 жылға сайлап, тың реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек. Бұл мемлекеттік басқару моделін, саяси жүйені түбегейлі өзгертіп қана қоймай, қазақ елінің әрі қарай да тұрақты, қуатты дамуына серпін береді.

Хабарламаларға жазылу