АҚШ-тың бірнеше штатында мыңдаған мұғалім шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың бірнеше штатында мыңдаған мұғалім шеруге шықты

27.04.2018

АҚШ-тың Колорадо, Батыс Вирджиния, Оклахома және Кентуки штаттарында мыңдаған мектеп оқушысы сабаққа бармай қалды. Себебі, олардың мұғалімдері тағы жаппай екі күндік ереуілге шыққан. Ұстаздар жалақыны өсіріп, білім саласына бөлінетін қаражатты арттыруды талап етіп жатыр. Шерушілердің айтуынша, өмір сүру қымбаттап жатыр, ал, айлық болса, 10 жылдан бері көтерілген жоқ. Сондықтан, мұғалімдердің көбі күн көру үшін екінші жұмыс істеуге мәжбүр.

Бұдан бөлек, Құрама Штаттарда білім саласын қаражаттандыру мәселесі өткір тұр қазір. Қаржы үнемдеу мақсатында мектептердің бір бөлігі төрт күндік оқу аптасына көшкен. Мәселен, биыл Оклахомада осы салаға 50 миллион доллар бөлінді. Алайда, мектептерде қордаланған проблемаларды шешу үшін 200 миллион доллар қажет екен.

 

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу