Қытайда көздің жауын алатын әдемі құбылыс жұртшылықты таңқалдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда көздің жауын алатын әдемі құбылыс жұртшылықты таңқалдырды

03.04.2018

Қытайда алуан түрлі өсімдіктер гүл ашты. Көздің жауын алатын әдемі құбылысты жергілікті тұрғындар мен туристер қызықтап жатыр. «Айналадан көктемнің иісі сезіліп, табиғаттың түрленіп жатқаны қуантады», -  дейді олар. Әсіресе, Мингша тауы баурайында гүлдеп жатқан өрік ағаштарын тамашалауға арнайы барып жатқандардың қарасы көп. Тіптен, студенттер осы гүлдердің арасына барып, айналадағы сұлулықтың айнымастай суретін салып жатыр. Ал, Личен қаласында 27 мың гектар аумаққа созылған форзиция гүлдері Тайхан тауын алтын көрпемен жапқандай әсер қалдырады. Көктемнің шуақты күні адамдар отбасылары, жақын-туыстарымен бірге ерекше құбылысты тамашалап, фотосурет пен бейнекамераға түсіріп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу