Француз полициясы елдің бұрынғы президенті Николя Саркозиді тұтқындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Француз полициясы елдің бұрынғы президенті Николя Саркозиді тұтқындады

20.03.2018

Мұны бүгін «Reuters» және «Франс пресс» агенттіктері хабарлады. Олардың мәліметінше, Саркози сайлау алды науқанында заң бұзғаны үшін ұсталған. Ал, «Монд» газетінің хабарлауынша, экс-президент 2007 жылғы президенттік сайлау қарсаңында Ливияның сол кездегі лидері Муаммар Каддафидің миллиондаған еуро қаржылай көмегіне жүгінді деген күдік бар.

Осы дауға байланысты ресми тергеу процесі бес жыл бұрын басталды. Ал, Ливияның мемлекеттік инвестициялық қорының бұрынғы басшысы Башир Салех Саркозидің сайлау кампаниясын Каддафидің қаржыландырғанын растап отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу