Түркия полициясы бірнеше қалада рейд жүргізіп, 118 адамды тұтқындады

12.12.2016
Түркия полициясы «Күрдістан жұмысшылар партиясымен» байланыста деген күдікпен 118 адамды тұтқындады. Олардың барылығы - оппозициядағы күрдшіл демократиялық партияның мүшелері.

Күдіктілер Стамбул, Мерсин, Маниса қалаларында қолға түсті. Ал, Аданада жүргізілген рейдке 500 тәртіп сақшысы мен бронотехника, тікұшақтар жұмылдырылған.


Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу