Оқыс оқиға Аризона штатының Темпа қаласында болған. Қаза тапқан әйел жолдан өтіп бара жатқан еді. Қайғылы жаңалықтан соң, компания мұндай көліктерді сынақтан өткізуді тоқтатып, штат билігі жасайтын тергеуге көмектесетінін мәлімдеді. Айта кетсек, бір жыл бұрын «Uber» компаниясы «Volvo» маркалы джип аударылғаннан кейін өзі жүретін автомобильдердің сынағын доғарған болатын.
Мадина РАХЫМБЕК