АҚШ-та көпір құлап, 4 адам опат болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та көпір құлап, 4 адам опат болды

16.03.2018

АҚШ-тың Флорида штатында жаяу жүргіншілер көпірі бұзылды. Алдын ала мәліметке сай, апаттан 4 адам қаза тауып, тағы 10 шақтысы жарақат алған.

Салынып жатқан өткел Майамидің оңтүстік-батысында Халықаралық университет корпусының жанында орналасқан. Баспасөз құралдары хабарлап отырғандай, жолға құлаған салмағы 950 тонна, ұзындығы 53 метрлік құрылыстың астында бірнеше көлік қалды.

Қазір оқыс оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ал, көпірдің неліктен бұзылғаны әзірге белгісіз.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу