Италияда парламенттік сайлауда дауыс беру аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда парламенттік сайлауда дауыс беру аяқталды

05.03.2018

Италияда жексенбіде өткен парламенттік сайлау аяқталып, дауыс беру учаскелері жабылды. Экзитполдарға сәйкес, жарысқа түскен саяси партиялардың бірде-біреуі 40 пайыздық кедергіден өтпей, басымдық танытпаған. Алдын ала санақтарға сай, «5 жұлдыз» қозғалысы» партиясына халықтың 32 пайызы дауыс берген. Ал, Сильвио Берлусконидің «Италия, алға» және «Лига», «Италия ағайындары» партияларынан құралған оңшыл-центристік коалициясы бірлесе 36 пайыз дауыс жинады. Дегенмен, бұл бірлестіктің ортақ штабы жоқ. Яғни, бірде-бір партия альянс құрмай, өздігінен үкіметті басқара алмайды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу