Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ 96 жасында дүние салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ 96 жасында дүние салды

09.09.2022

Бұл туралы Букингем сарайы мәлім етті. Сейсенбіде патшайымның денсаулығы сыр бергеннен кейін Шотландиядағы резиденциясына оның балалары мен немерелері жиналған еді. Елді 70 жыл басқарған монархтың қазасымен Елизавета дәуірі аяқталды. Елизавета ІІ билік еткен жылдары корольдік Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қайта қалпына келді. Империя болудан қалып, Ұлттар достастығына мүше болды. Батыстың өзге елдерімен бірге қырғи-қабақ соғыста жеңіске жетті. Кейін Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан шықты. Патшайым Елизавета тұсында 15 премьер-министр ауысқан. Марқұм жуырда ғана Борис Джонсонның отставкасын қабылдап, жаңа премьер-министр Лиз Трасспен кездескен еді. Корольдікті Елизавета ІІ-нің үлкен ұлы Чарльз ханзада басқармақ. Ол есімін Карл III деп өзгертті.

Хабарламаларға жазылу