«Таңшолпан». Сәдібек Түгел: Астана арқылы елімізді бүкіл әлемге паш еттік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Сәдібек Түгел: Астана арқылы елімізді бүкіл әлемге паш еттік

05.02.2018

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы «Ұлы дала қырандары» қозғалысының төрағасы Сәдібек Түгел студия қонағы болды.

Жақында жазушы «Халық сүйіктісі» атағына ие болды. Халықтың бағасы - ең жоғарғы марапат.

«Елімізде байқаулар аз емес. Солардың ішінде «Халық сүйіктісі» байқауының орны ерекше. Қазақ халқы еркіндік пен әділдікке ұмтылған. Оның нышаны осы байқауда толығымен бар. Байқау бірнеше ай жүрді. Әлеуметтік желіде дауыс беру арқылы жүйрік аламандар анықталды. Осы байқауда менің де бағым жанды. Бүкіл халыққа ризашылығымды білдіргім келеді. Халықтың сүйіктісі болу – құрметтің құрметі.

Астана – менің өмірім. Астана таңғажайып, ұлтымыздың бақыты, мақтанышы. Астана арқылы елімізді паш еттік. Ал оның негізін қалап, оны салған Елбасы. Осындай игі істер қазағымызда көп болсын», - дейді қонақ.

 

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу