Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин алапат өртке байланысты төтенше мәжіліс өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин алапат өртке байланысты төтенше мәжіліс өткізді

26.01.2018

Онда құтқарылғандарға медициналық көмек көрсету, апаттың нақты себебін анықтау және болашақта мұндай оқиғаларға жол бермеу мәселесі талқыланды.

Бүгін Мирян қаласындағы ауруханада өрт шығып, 37 адам қаза тапты. Ал, жараланғандардың саны 140-тан асып отыр. Құрбандардың қатары әлі де өсуі мүмкін. Алдын ала болжамға қарағанда, өрт таңертеңгі сағат 7:30-да төменгі қабатта жедел жәрдем қызметі бөлімінде басталған. Мамандар лапылдаған отпен 2 сағат арпалысып, оны әрең дегенде сөндірді. Апат кезінде госпитальдің ішінде 200-ге жуық науқас болған. Олардың көбі дер кезінде эвакуацияланды. Жергілікті полицияның мәліметінше, жантәсілім еткендердің көбі түтіннен тұншығып қалды.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу