Францияда балықшылар ереуіл ұйымдастырды
Францияның Кале және Булонь порттары балықшылардың наразылық шарасына байланысты уақытша жабылды. Демонстранттар кемежайлар маңында резеңке дөңгелектерді жағып, барлық жолдарға тосқауыл қойды. Осыған орай Кале мен британдық Дувр арасындағы жүк кемелер тасымалы тежеліп, көптеген компания шығынға батты. Балықшылар Нидерландының электрлендірілген торлар арқылы балықты аулайтын компанияларға қарсылық білдіріп жатыр.
Айта кету керек, Кале Ұлыбритания мен Францияны байланыстыратын басты порт болып есептеледі. Тәулік бойы жұмыс істейтін кемежайда күнде мыңдаған турист пен жүк кемелері өтеді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 10:26
«Келешек мектептері»: 217 мектеп салынды
20.08.2026, 10:01
Қазақстанда теміржол машиналарын жасау саласы өнімдерін өндіру көлемі 7 есеге артты
20.08.2026, 09:56
2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуатт іске қосылмақ
20.08.2026, 09:54
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05