Басты Жаңалықтар «Келешек мектептері»: 217 мектеп салынды

«Келешек мектептері»: 217 мектеп салынды

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы үш жыл ішінде нақты нәтиже көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен сапалы білім беру, мектеп тапшылығын, үш ауысымды оқыту мен апатты мектептерді жою мәселесі бойынша нақты жұмыстар атқарылды. Елімізде 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа форматтағы мектеп бой көтерді. Жаңа білім ордаларының  ашылуы 54 үш ауысымды және 12 апатты мектептің мәселесін толық шешуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 100-ден астам білім ордасында оқушы орындарының тапшылығы қысқарды. Мектептердің басым бөлігі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында салынды. Жаңа форматтағы келешек мектептері бұрынғы жобалардан 15-20 пайызға кең. Ал техникалық жабдықталу деңгейі 4 еседен астам жоғары. 


Бөлісу