ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
Елімізде Пәтер иелері кооперативінің жаңа талаптарға сай қайта тіркелу мерзімі аяқталды. Алайда мыңдаған кооператив бұл талапты орындамаған. Енді олар бұрынғыдай үйлерді басқаруға құқылы емес және мәжбүрлі түрде таратылуы мүмкін. Ал Пәтер иелері кооперативі қайта тіркеуден өтпеген үйдің тұрғындары не істеуі керек? Айдана Қуантхан тарқатады.
Айдана Қуантхан, тілші:
Әділет министрлігінің мәліметінше, елімізде 2 мыңнан аса Пәтер иелерінің кооперативі тіркелген. Оның тек 415-і ғана қайта рәсімдеуден өткен. Ал Алматыда 560-қа жуық ПИК болса, оның 120-ға жуығы құжаттарын жаңартып үлгерген. Жаңа талап бойынша қайта тіркеуден өтпеген ПИК енді тұрғындардан үйді күтіп-ұстау және күрделі жөндеуге арналған міндетті төлемдерді жинай алмайды. Сондай-ақ меншік иелері атынан қызмет көрсету туралы келісімшарт жасау құқығы жоқ. Егер ПИК қайта тіркелмесе, азаматтар мүлік иелерінің бірлестігіне жүгініп немесе өздері бірлесіп басқара алады. Қайта тіркелмеген КСК-лерді тұрғын үй инспекциясы арнайы тізімдеп, Әділет органдарының деректері және тұрғындардың шағымдары арқылы анықтайды. Егер меншік иелері ортақ шешімге келе алмаса, уақытша басқарушы компания тағайындалады. Ал талапты орындамаған Пәтер иелерінің кооперативі сот шешімімен мәжбүрлі түрде таратылады.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16