АҚШ-тың федералдық үкіметі жұмыс істемей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың федералдық үкіметі жұмыс істемей тұр

22.01.2018

АҚШ үкіметінің жұмыс істемей тұрғанына үш күн болды. Өйткені, Сенат Бала күнінде Құрама Штаттарға барған иммигранттарды елден депортациялау мәселесін әлі шеше алмай отыр. Осы мәселе төңірегіндегі даудың кесірінен 2018 жылдың бюджеті дер кезінде қабылданбай қалды. Сондықтан, сан мың мемлекеттік қызметкер жұмысқа шықпады. Өйткені, оларды қаржыландыру мерзімі қаңтардың 19-да аяқталып қойған.

Дегенмен, бүгін демократтар мен республикалықтар федералдық үкіметті уақытша қолдауға келісіп, қызметкерлер жұмысқа қайта оралады деген үміт бар.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу