Ресейдің Пермь қаласында оқушылар төбелесіп, 12 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Пермь қаласында оқушылар төбелесіп, 12 адам жараланды

15.01.2018

Ресейдің Пермь қаласында мектепке шабуыл жасалып, 12 адам жараланды. Зардап шеккендердің қатарында бір мұғалім мен 11 оқушы бар.

Соңғы деректерге қарағанда, оқиға таңертең сабақ енді басталғанда болған. Пышақпен шабуыл жасаған екі адам тұтқынға алынды. Алайда, олардың мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, мойнынан жараланған ұстаз бен екі жасөспірім ауруханада ауыр халде жатыр. Бірақ, Ресей тергеу комитетінің деректеріне қарағанда, оқушылар бір-бірімен төбелесіп қалған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Мектептен 750-ге жуық адам эвакуацияланды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу