Қырым түбегіне Ресей зымырандары орналастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырым түбегіне Ресей зымырандары орналастырылды

15.01.2018

Қырым түбегіне Ресейдің жаңа С-400 зымыран дивизионы шоғырландырылды. Бұл ракеталар «жер беті – әуе» сыныбына жатады. Оларға  жүктелетін міндет – Украинамен шекаралас аудандардың әуе кеңістігін күзету. Мәскеу осындай кешендерді Феодосия портына былтыр көктемде жеткізген еді.

С-400 зымырандары баллистикалық ракеталарды 60 шақырым қашықтықтан атып түсіре алады.

Айта кету керек, Ресей Қырымды 2014 жылы аннексиялады. Соған байланысты  Еуропа одағы мен АҚШ Мәскеуді экономикалық санкцияға алды және де Украинаға Америка қару-жарағын сату мәселесі кейінгі кездері жиі көтеріліп жүр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу