Иранда жер сілкінісінен кемінде 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда жер сілкінісінен кемінде 1 адам қаза тапты

15.11.2021

Иранның оңтүстігінде жер сілкініп, кемінде 1 адам қаза тапты. Ислам Республикасы ақпарат құралдарының хабарлауынша, екі мәрте болған зілзаланың қуаты 6,3 және 6,4 баллға жеткен. Соның салдарынан Хормозған провинциясындағы бірнеше қалада талай адам үрейленіп, далаға қашты.  Жер тербелісі Дубай шығанағында да сезілген.

Иран ірі геологиялық сынықтардың үстінде орналасқандықтан, онда соңғы жылдары жойқын жер сілкіністері болды. Дегенмен осы жолғы дүмпу кезінде үйлер мен өзге ғимараттар қирады деген мәлімет түскен жоқ.


Хабарламаларға жазылу