Иранда үш провинцияға революция сақшылары жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда үш провинцияға революция сақшылары жіберілді

04.01.2018

Иран тумасы, Нобель сыйлығының лауреаты Шырын Эбади отандастарын шеруді жалғастыруға шақырды. Мұны бүгін Сауд Арабиясының «Әшарх әл-Әусат» апталығы хабарлады.

 

Ал, «Рейтердің» мәліметінше, ресми Тегеран елдің үш провинциясына бүлікті басу үшін элиталық революциялық сақшыларды кіргізген. Дәлірек айтсақ, олар «жаңа көтерілісті» тоқтату мақсатында Исфахан, Хамадан, Лорестан облыстарына енген.

 

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Иран жастары мен жұмысшылары экономикалық қиындықтарға қарсы демонстрацияға шықты. Кейін шерушілер үкімет пен діни элитаға наразылық білдірді.

 

Тәртіпсіздіктер кезінде 21 адам қаза тауып, жүздеген тұрғын тұтқындалды. Демонстранттарды енді білімді орта тап қолдайды деген болжам бар.

 

Ал, Ислам Республикасының рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменейдің сөзінше, тәртіпсіздіктерді Иранның сыртқы дұшпандары ұйымдастырды.

 

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу