Ирландияда қарулы адам жаяу жүргіншілерге шабуыл жасап, 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирландияда қарулы адам жаяу жүргіншілерге шабуыл жасап, 1 адам қаза тапты

04.01.2018

Тағы 2-еуі жараланған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, оқиға Дандолк қаласында болды. Безбіреу көшеде өтіп бара жатқан адамдарды бас салып, пышақтай бастаған. Құрбан болған Жапониядан келген 24 жастағы турист екені анықталды. Полицияның алдын ала болжамдары бойынша, шабуыл жасаған 18 жастағы Мысыр тумасы. Кей деректерге қарағанда ол Сирия азаматы болуы мүмкін. Істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр. 

 Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу