Париж шетінде екі адам өлтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж шетінде екі адам өлтірілді

23.08.2018

Париждің шетінде пышақпен қаруланған адам көшеде жаяу жүргіншілерге шабуыл жасап, екі кісіні мерт қылды. Тағы біреуі жараланған. «Аллаху акбар» деп айқайлаған қаскөй полицияның өзіне де пышақ ала жүгірген. Алайда, тәртіп сақшылары оны дереу атып тастады.

Қанды оқиға бүгін Версальға жақын орналасқан Траппес ауданында болды. Бұл квартал қарулы қылмыскерлерімен, кедейшілігімен танымал. «Франс пресс» агенттігінің хабарлауынша, Траппесте 50 шақты адам «ДАИШ»-қа қосылды деген күдік бар.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу