Бангладеш мейрамханаларының бірінде қарулы топ бірнеше адамды кепілге алған   - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеш мейрамханаларының бірінде қарулы топ бірнеше адамды кепілге алған  

02.07.2016
Бангладеш мейрамханаларының бірінде қарулы топ бірнеше адамды кепілге алған  

Қарулы топ Бангладеш астанасы Даккадағы дипломатиялық кварталда орналасқан мейрамханалардың біріне шабуыл жасап, 20-ға жуық адамды кепілге алған. Оқиға салдарынан кемінде бес адам қаза тапты. Олардың ішінде екі тәртіп сақшысы бар.

«Associated Press» агенттігі таратқан ақпаратқа сай, бұдан бөлек, 25 полицей және бір бейбіт тұрғын жараланған. 10 адам қазір өте ауыр жағдайда. Құтқарылған 12 адамнан басқа, кепілдікте қазір қанша адамның қалғаны белгісіз.

Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігі  кепілге алынғандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатқаны туралы мәлімдеді. Ақпарат тексерілуде.

Шабуылды «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алды.

Хабарламаларға жазылу