Филиппинде аударылған паромнан 252 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппинде аударылған паромнан 252 адам құтқарылды

22.12.2017

Филиппин жағалауында аударылған паромнан 252 адам құтқарылды. Мұны бүгін осы елдің жағалау күзеті хабарлап отыр. Сонымен қатар, апаттан 5 адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Әзірге трагедияға не себеп болғаны анықталған жоқ. 7 мың аралдан тұратын бұл мемлекетте қайықтардың оқыс оқиғаларға ұшырауы ешкімге таңсық емес. Мұндай апаттарға, әсіресе, су көліктеріне адамдардың тым көп мінуі түрткі болады. Алайда, бейсенбі күні құрдымға кеткен паром 290 адам тасуға арналған екен.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу