Кеше түнде еліміздің бірқатар өңірінде ақтүтек боран соқты
Кеше түнде еліміздің бірқатар өңірінде ақтүтек боран соқты. Қарағанды облысында қар құрсауында қалған жүздеген адам құтқарылды. Бекеттерде жүздеген көліктер қаңтарулы тұр. Сол өңірдегі тілшіміз Руслан Нұрланұлы қазір бізбен байланысқа шығады.
Руслан Нұрланұлы, тілші:Облыс бойынша кеше түнде жолда қалған 252 адам құтқарылды. Олардың 28-і бала. Өңірде жедел штаб құрылды. Барлық бағыт бойынша жолдар жабық. Ақтүтек бораннан көлік жүргізушілеріне қарсы бағытты көру мүмкін болмай қалған. Салдарынан кеше кешкі 7-ден 10-ға дейінгі аралықтың өзінде 10 жол апаты болды. Қарағанды мен Теміртау аралығында жолаушыларға лық толы автобус сағаттап тұрып қалды. Оларға арнайы құтқару көліктері жіберілді. Қазір бекеттерде 500 көлік жолға жіберілмей қаңтарулы тұр.Майқұдықтағы екі үйдің және Нұра ауданы Изенді ауылындағы мәдениет үйінің , осы ауданға қарасты Қарой ауылындағы мектептің шатырын күшті жел ұшырып әкетті. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қарағанды қаласында Әлихан Бөкейхан ауданының бірнеше учаскесінде электр желілері істен шығып, үйлер жарықсыз қалды. Мамандарға ақау шыққан желілерді түнімен жөндеуге тура келді.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты
20.07.2026, 14:57
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06