Филиппинде су тасқынынан 13 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппинде су тасқынынан 13 адам қаза тапты

27.12.2022

Филиппинде су тасқынынан 13 адам қаза тапты. Тағы 23 тұрғын жоғалып кетті. Сонымен қатар егістік алқаптарын да су шайған. Қазір экономикаға келген шығын есептеліп жатыр.

Адамдар екі күн бойы толассыз жауған жаңбырдан кейін суға батқан. Апатқа байланысты Рождество мерекесін тойлау доғарылып, 45 мыңдай адам эвакуациялық орталықтарға көшірілді.

7600 аралдан құралған Филиппинде жыл сайын шамамен 20 рет тропикалық дауыл соғып, олардан миллиондаған адам зардап шегеді.


Хабарламаларға жазылу