Лондондағы дәмхана адам бейнесі бар кофе ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондондағы дәмхана адам бейнесі бар кофе ұсынады

20.12.2017

Лондондағы кофеханалардың бірінде өз суретіңізге қарап отырып, ыстық сусын ішуге болады. Мұндай ерекше қызмет Тұманды Альбион астанасында желтоқсанның 16-нан бастап көрсетіліп отыр. Нақтырақ айтсақ, дәмханаға келушілер ең алдымен өз фотосын смартфонға түсіріп, кофеханаға жібереді. Кейін сол бейне арнайы машинаға жүктеледі де, сканерленіп, кофенің бетіндегі көбікке тағам бояғыштарының көмегімен кәдімгі сурет болып шығады. Бұл үрдіс 4 минут уақыт алады. Жексенбіден бері мұндай кофені 400-дей адам ішкен екен.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу