Биткойн 10 мың долларға дейін қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биткойн 10 мың долларға дейін қымбаттады

28.11.2017

Вертуалдық валюта биткойн құны 4,5 пайызға дейін көтеріліп, рекордтық 10 мың долларға жуықтап қалды. Оның нарқы жыл басында шамамен мың доллар еді.

Люксембургтегі Bitstamp биржасында биткойн 9 700 долларға сатылып жатыр. Алайда, кейбір банкирлердің пікірінше, оның және өзге криптовалюталар бағасының өсуі уақытша ғана.

JPMorgan Chase қаржы холдингінің директоры Джеймс Даймонның айтуынша, соңғы кездері мұндай валюталарға қатысты алааяқтар көбейіп кеткен. Сондықтан, таяуда Қытай мен Оңтүстік Кореяда Биткойн саудалайтын биржалар жабылды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу