Ұлыбритания Еуроодақтан кету үшін 40 млрд фунт төлеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания Еуроодақтан кету үшін 40 млрд фунт төлеуі мүмкін

20.11.2017

Ұлыбритания Еуропа одағынан бөлінгені үшін 40 миллиард фунттан астам өтемақы төлеуге міндетті болады. Мұны бүгін жергілікті газеттер хабарлады. Оларға жүгінсек, премьер-министр Тереза Мэй бұл сомаға бүгін келісім береді.

Айта кету керек, екі жақтың ажырасу процесі қаржы мәселесіне байланысты қазір тығырыққа тіреліп отыр. Ал, Еуропа одағы осыған дейін Лондоннан 60 миллиард еуро талап етті.

Егер тараптар одақтың желтоқсандағы саммитіне дейін өтемақы бойынша ортақ келісімге келмесе, Ұлыбританияның Еуропа одағынан кету кестесі бұзылып, Мэй үкіметінің беделіне үлкен нұқсан келуі мүмкін.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу