Бүгін Ұлыбританияда референдум нәтижесі жарияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлыбританияда референдум нәтижесі жарияланады

24.06.2016
Бүгін Ұлыбританияда референдум нәтижесі жарияланады

Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамында қалу не қалмауын анықтайтын референдум аяқталды. Оның нәтижесі Лондон уақыты бойынша таңертең сағат 7-де жария етіледі.

Қазір дауыс беру санағы жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтерге сай, корольдіктің ЕуроОдақ құрамынан шығуын қолдайтындардың саны «Брекситке» қарсылардың даусынан асып түскен. Референдумда ЕуроОдақтан шығуды жақтайтындардың саны басым түскені белгілі болғаннан кейін британдық фунт стерлинг долларға қатысты күрт арзандап кетті.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу