Зимбабве президенті Роберт Мугабе халық алдына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зимбабве президенті Роберт Мугабе халық алдына шықты

17.11.2017

Зимбабведе Роберт Мугабе биліктен алыстатылғаннан кейін алғаш рет халық алдына шықты. Ол ел астанасы Хараредегі университет түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты. Әлемнің ең қарт мемлекет басшысы Мугабе екі күн бойы үй қамауында отырды. Бірақ, ол биліктен кетуден бас тартып отыр. Бұл мәселе жөніндегі келіссөздер қазірде жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Зимбабве әскерилері 93 жастағы президенттің айналасындағы «қылмыскерлер» елге әлеуметтік, экономикалық зардап әкелді деп сәрсенбі күні билікті күшпен басып алды.

Оппозицияның мәліметінше, Мугабе отставкаға кетіп, оның орнына 75 жастағы бұрынғы вице-президент Эммерсон Мнангагва тағайындалуы мүмкін. Қатыгездігмен «қолтырауын» атанып кеткен Мнангагва Оңтүстік Африкадан өз еліне кеше оралды деген мәлімет бар.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу